Садуақасов Саяуыш Мұхамедәшімұлы

    Әкім орынбасары

    Садуақасов Саяуыш Мұхамедәшімұлы
    Заместитель акима

    Садуақасов Саяуыш Мұхамедәшімұлы

    Әкім орынбасары

    Өмірбаян

    1986 жылғы 28 наурызда Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2007 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2007 жылғы 15 тамызда Қараоба жалпы білім беру орта мектебінде мұғалім болып бастады.

    2009 жылғы 14 желтоқсаннан 2015 жылғы 15 қаңтарға дейін Ақтоғай ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де бас маман қызметін атқарды.

    2015 жылғы 16 қаңтардан 2016 жылғы 9 қазанға дейін Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болды.

    2016 жылғы 10 қазаннан 2019 жылғы 31 қаңтарға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

    2019 жылғы 1 ақпаннан 2020 жылғы 3 ақпанға дейін Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

    2020 жылғы 3 ақпаннан 2022 жылғы 11 ақпанға дейін Ақтоғай ауданының «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-нің басшысы қызметін атқарды.

    2022 жылғы 14 ақпаннан 2023 жылғы 1 мамырға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінде бас инспектор болды.

    2023 жылғы 3 мамырдан 2025 жылғы 23 маусымға дейін Павлодар облысының «Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2025 жылғы 23 маусымнан бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері