Момбек Нұрлан Серікбайұлы

    Аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы

    Момбек Нұрлан Серікбайұлы
    Руководитель отдела

    Момбек Нұрлан Серікбайұлы

    Аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Нұрлан Серікбайұлы Момбек 23.11.1967 жылы ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары. В.П.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру, инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1985 жылы Талапты кеңшары Ленин атындағы бөлімшесінің жұмысшысы болып бастап, Қызылқұм ауданы ЖМК-ның 2 разрядты ағаш шебері, «Қанағат» шаруашаруашылығының мүшесі, Отырар ауданы әкімі аппаратының аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Отырар ауданды әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі, Отырар ауданы әкімінің кеңесшісі, аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

    06.11.2019 жылдан бастап аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері