
Тургынбаев Кайрат
Отырар ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Кайрат Тургынбаев 16.12.1980 жылы ОҚО,Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін Математика және информатика " мамандығы, Шымкент университетін Экономика мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, Отырар алқабы газеті ЖШС-да программист, Отырар ауданы әкімінің көмекшісі, Темір ауыл округі әкімі аппаратының жетекші маман-есепші экономисті, "Оңтүстік-құрылыс-сервис" ЖШС-да бас экономисті, Отырар аудандық орталық ауруханасының референті,
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға тәрбиешісі, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы, аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспектор-баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.
05.03.2020 -26.09.2025 жылдары Аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
26.09.2025 жылдан бастап Отырар ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





