Нұрахметов Ермек Еркінұлы

    Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі

    Нұрахметов Ермек Еркінұлы
    Аким

    Нұрахметов Ермек Еркінұлы

    Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Нұрахметов Ермек Еркінұлы 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келдім.

    1970 жылы Панфилов қаласының Луначарский атындағы мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1980 жылы Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінің №49 орта мектебін бітірдім. Жоғары оқуға түскенше Кербұлақ аудандық тұтынушылар қоғамы бірлестігінің орталық қоймалардың жүк басушы болып жұмыс істедім.

    1981 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Еңбек Қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтының агрохимия және топырақтану факультетіне түсіп, 1986 жылы үздік белгімен бітірдім.

    Институт бітіргеннен кейін Кербұлақ агроөнеркәсіп бірлестігінің аға жетекші агроном, 1989-1990 жылдары Қазақстан КП Гвардия, Кербұлақ аудандық партия комитеттерінің нұсқаушысы; 1990-1991 жылдары Кербұлақ агро өнеркәсіп бірлестігің ауыл шаруашылығы сапалы өнімдерді даярлау жөніндегі жетекші маманы; 1991-1992 жылдары Сарыөзек жұмыспен жабдықтау бөлімінің буфет меңгерушісі; 1992-1994 жылдары «Атамекен» ЖШС-нің директоры; 1994-1995 жылдары Кербұлақ кино көрсету кәсіпорнының директоры; 1996-1997 жылдары Панфилов аудандық әлеуметтік және экономикалық даму қоры басқармасының аға инспекторы; 1998 жылы «Жаркент» қоғамдық қорының шаруа қожалықтары жөніндегі бас маманы; 1998-2002 жылдары Панфилов ауданы әкімі аппараты экономика бөлімінің орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту және оларды тіркеу жөніндегі бас маманы; 2002-2005 жылдары Панфилов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас маманы.

    2005 жылдан бастап 2006 жылдың сәуір айына дейін Панфилов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлар мен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келдім.

    2006-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келдім.

    2016 жылдың 24 наурызынан бастап, 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін Панфилов аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс атқардым.

    2017 жылдың 19 қаңтарынын бастап, 2018 жылдың 08 маусымға дейін Жаркент қаласының әкімі болып жұмыс істедім.

    2018 жылдың 12 шілдесінен Үлкенағаш ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы болып жұмыс атқарудамын. 2018 жылдың 23 қазанынан бастап Үлкенағаш ауылдық округі әкімі болып тағайындалдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері