Абенова Айгерім Еркенқызы

    Білім беру басқармасының басшысы

    Абенова Айгерім Еркенқызы
    Руководитель управления

    Абенова Айгерім Еркенқызы

    Білім беру басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Абенова Айгерім Еркенқызы 1981 жылдың 24 шілдесінде дүниеге келген. 2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (тарих және география пәндерінің мұғалімі) бітірді. 2019 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономист) тәмамдады. Еңбек жолын Екібастұз қаласында мұғалім болып бастады. Екібастұз және Павлодар қалаларындағы мектептерде директордың орынбасары қызметін атқарды.

    2018 жылдан – Павлодар облысы білім беру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы.
    2020 жылдан – Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы.
    2021 жылдан – Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары.
    2023 жылдың тамыз айынан – Павлодар облысы әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы.
    2023 жылдың қараша айынан 2025 жылдың 14 тамызына дейін – Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары.
    Қазіргі уақытта – Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері