
Алпысов Ермек Амантайұлы
Облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелері, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік сатып алу, өнеркәсіп, индустриализация және инвестиция бойынша орынбасары
Өмірбаян
1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы, экономист.
Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №156 орта мектепте бастаған.
2001 жылдан бастап Ермек Алпысов мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2008-2012 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары. 2012-2015 жылдары Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы 15 ақпаннан бастап Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау, ШОБ дамыту, цифрландыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.





