
Құдайсүгірова Гүләйім Бисенбайқызы
Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
1966 жылы 26 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келді. 1983 жылы №1 Шалқар орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитариялық-гигиеналық факультетіне оқуға түсті. 1989 жылы институтты дәрігер гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша оқу бітірген. 1989-1990 жылдары Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы базасында интернатурада оқыды.
1990 жылы Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына санитариялық дәрігер болып жұмысқа орналасты. 1995 жылы Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бактериологиялық зертханасына дәрігер бактериолог, 2003 жылдан айынан бастап Шалқар аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2016 жылы Шалқар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, қазіргі уақытта Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы қызметінде.

