
Белғожаева Назгүл Тлепбергенқызы
Іле ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Назгүл Белғожаева 1982 жылы 21 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.
2002 жылы Есік педагогикалық колледжін, 2005 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын «Тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2004–2006 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы №142 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген.
2008 жылдан 2022 жылға дейін Іле ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.



