Кысабаев Руслан Темирханович

    Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Кысабаев Руслан Темирханович
    Бөлім басшысы

    Кысабаев Руслан Темирханович

    Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Қысабаев Руслан Темірханұлы, 1979 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Торғай облысы Арқалық ауданының Целинный кентінде дүниеге келдім.

    Еңбек жолымды 1995 жылғы маусымда Қостанай облысы Таран ауданының Корженкөл негізгі мектебінде бастадым.

    1996–2001 жылдары Орталық Азия университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым.

    2009–2011 жылдары Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алдым.

    2002 жылғы мамырда Таран аудандық әскери комиссариаты арқылы Қапшағай гарнизонының № 58012 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік бригадасына мерзімді әскери қызметке шақырылдым. 2003 жылғы сәуірде запасқа шығарылдым.

    1995 жылғы маусымнан 1996 жылғы тамызға дейін Қостанай облысы Таран ауданының Корженкөл негізгі мектебінде әртүрлі жұмыстарды атқарушы болып жұмыс істедім.

    2003 жылғы маусымнан 2008 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында жұмыс істедім.

    2008 жылғы маусымнан бастап «Астана-ЕДТ» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істедім.

    2009–2012 жылдары «Республика» және «Отан» жинақтаушы зейнетақы қорлары» АҚ-да менеджер болып жұмыс істедім.

    2012 жылғы қарашадан 2014 жылғы наурызға дейін «Лидер Строй и К» ЖШС-де бас менеджер болып жұмыс істедім.

    2014 жылғы наурыздан 2015 жылғы мамырға дейін «Кар-Тел» ЖШС-де корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі маман болып жұмыс істедім.

    2015 жылғы маусымнан 2016 жылғы желтоқсанға дейін «ARS Group Astana» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істедім.

    2017 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қаңтарға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істедім.

    2024 жылғы ақпаннан қазанға дейін Қостанай қаласындағы «Freedom Telecom» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер болып жұмыс істедім.

    2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы маусымға дейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-да тәуекел-менеджер болып жұмыс істедім.

    2025 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің құқықтық талдау және талап қою жұмысын ұйымдастыру басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істедім.

    2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері