
Нефедова Наталья Владимировна
Облыс әкімі аппараты басшысының м. а.
Өмірбаян
Наталья Владимировна, 1983 жылғы. 2005 жылы Павлодар университетін «шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетінде «педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді. 2010 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, 2015 жылы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетін «жалпы педагогика» мамандығы бойынша аяқтады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD.
2006-2008 жылдар аралығында Павлодар облысының ішкі саясат департаментінде, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінде қызмет атқарды.
2008-2014 жылдары Павлодар облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменті және басқармасында еңбек етті.
2014-2018 жылдары Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасында жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2020-2021 жылдары - облыс әкімі аппараты азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары облыс әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы лауазымын атқарды.
2022 жылғы мамырдан бастап Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2024 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқаруда.
Функционалдық міндеттері:
облыс әкімі аппаратының жұмысына жалпы басшылық жасау;
облыс әкімінің, облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құ-қықтық, ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері;
облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік актілерін әзірлеуді үйлестіру;
қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволардың қызметін облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде үйлестіру;
мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
азаматтардың хаттары мен өтініштерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
облыс әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерге материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының хаттамалық шешімдерінің, облыс әкімдігі актілерінің, облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті уәкілетті органдары депутаттарын, референдумдарды, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуін бақылау;
әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру;
облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдас-тыру;
жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай тәртіптік және конкурстық комиссиялары қызметтеріне жалпы жетекшілікті жүзеге асыру;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;
облыс әкімі аппараты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешу;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын іске асыру;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім-шілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:
1.1. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары;
1.2. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері;
1.3. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас маман.
2. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:
2.1. Облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттары;
2.2. Облыс басқармалары;
2.3. «Офис-сервис» КММ, «Павлодар облысының автошаруашылығы» ЖШС.
3. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:
3.1. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері;
3.2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес;
3.3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті.
4. Жетекшілік ететін салалар бойынша:
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;
мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына;
республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.



