
Абилова Салтанат Хайдаровна
Орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Абилова Салтанат Хайдаровна 1988 жылы туған. 2010 жылы ветеринариялық медицина мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2019 жылы экономика мамандығы бойынша М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін аяқтады.
2010-2011 жылдары – «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Айдарлы ауылы, Қарасу ауданы
2011-2014 жылдары – «Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, Қарасу ауылы, Қарасу ауданы
2014-2017 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ ветеринариялық іс-шаралардың талдауы, болжауы және есептілігі бөлімінің бас маманы, Қостанай қ.
2017-2018 жылдары – «Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ветеринариялық дәрігері, Қарасу ауылы, Қарасу ауданы
2018-2019 жылдары – «Қостанай ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, Затобол кенті, Қостанай ауданы
2019-2020 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық дәрігері, Қостанай қ.
2020-2022 жылдары - «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің бас маманы, Қостанай қ.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің басшысы, Қостанай қ.




