
Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған, жоғары білімі бар, 2008 жылы экономика бакалавры мамандығы бойынша Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдады. 2013 жылы Сеул Ұлттық университетін аяқтаған. Мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы бастады.
Қаржы секторын дамыту саласында мол еңбек тәжірибесі бар:
– 2008 жылғы қарашадан бастап 2010 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде сарапшы;
– 2010 жылғы сәуірден бастап 2010 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде сарапшы;
– 2010 жылғы қарашадан бастап 2012 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару мен қаржы секторын дамыту саясаты департаментінде бас сарапшы;
– 2012 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару мен қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің басшысы;
– 2014 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты және қаржы секторын дамыту департаменті мемлекеттің міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы;
– 2016 жылғы шілдеден бастап 2020 жылғы сәуірге дейін Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.





