
Асадинұлы Жамбыл
Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Асадинұлы Жамбыл, 01.03.1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
2003 жыл - Қазақ мемлекеттік-заң университеті, құқықтану мамандығын, 2008 жыл - Шымкент университеті, қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл Асадинұлы еңбек жолын 2003 жылы Ақтау қалалық сотында жетекші маман болып бастаған.
2006 жылы ҚР Бас прокуратурасының Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің бас маман-статистигі.
2007 жылы Маңғыстау облысы Прокуратурасы Мұңайлы ауданы прокурорының көмекшісі, бас көмекшісі, аудан прокурорының орынбасары.
2012 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңды қадағалау басқармасының прокуроры.
2020 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының №2 аудандық
сотының төрағасы.
2023 жылы Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қараша айынан бері ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті қылмыстық заңнама саласында жобалау жұымысы басқармасының бас сарапшысы.
2024 жылдан 2026 жылы аралығында Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары.
2026 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.
