
Өмірбаян
Қайыржан Азамат 1993 жылы 29 сәуiрде Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа-Қима ауылында дүниеге келген.
2015 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн бiтiрдi
Еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде жастар тәжiрибесiнен бастаған.
2016 жылдан бастап Атбасар ауданы Новоалександровка ауылында "Атбасар ауданы Новоалександровка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" КММ бас маманы болып қызмет атқарды.
2019 жылғы 02 қазаннан бастап 2019 жылғы 13 қарашаға дейiн Атбасар ауданы Бастау ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарды.
2019 жылдың қазан айында Атбасар ауданының Бастау ауылдық округiнiң әкiмi болып сайланды.



