
Өмірбаян
10 ақпан 1969 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылында туған.
1999 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары жастар-комсомол бригадасында бастаған. 1987-1989 жылдары СССР Қарулы күштер қатарына шақырылып, Шкотово 17 қаласындағы 34070 әскери бөлімшесінде қызмет атқарған. 1989 жылы Кеген «Селхозэнерго» РП-да, Алғабас ПЭУ-де электромонтер болып жұмыс істеген. 1992-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Алматы қалалық Ішкі Істер Департаментінде жол қауіпсіздігі басқармасының взвод командирі, кезекшілер бөлімінің бастығы, жол жүру қауіпсіздігі арнайы бөлімшесінің аға инспекторы қызметтерін атқарған. 2006-2015 жылдары «Шоқпар» ЖШС-нің төрағасы қызметін атқарған. Райымбек аудандық маслихатының IV-V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2015 жылдың 17 тамызынан бастап – Кеген ауданының Алғабас ауылдық округінің әкімі.





