
Оразгелдіұлы Ұзақбай
Қызылорда облысының әділет департаменті басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Ұзақбай Оразгелді, 01.01.1979 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туылған, білімі жоғары.
2002 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетінде «Заңгер» мамандығын, 2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-кеденші біліктілігі, 2016 жылы «Болашақ» университетін экономика және бизнес бакалавры бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ұ.Оразгелдіұлы 2002 жылы Қызылорда облыстық Әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2004 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында Қостанай облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінің бас маманы, 2004 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың мамыр айы аралығында Қостанай облысы Әділет департаментінің Алтынсарин ауданының Әділет бөлімінің бастығы, осы кезден 2011 жылдың қазан айы аралығында Әділет департаментінің Арқалық қаласы Әділет басқармасының бастығы.
2011 жылдың қазан айынан Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің бас маманы.
2012 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда облысының әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының әділет департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарады.
