
Өмірбаян
1991 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясына 1 сыныпқа қабылданған.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика және бизнес факультеті «Маркетинг» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылдың қазаны мен 2014 қыркүйек айы аралығында - Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қыркүйек мен 2018 тамыз айы аралығында - Шәлкөде ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман есепші болып жұмыс істеген.
2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытта - «Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкім болып жұмыс істеуде.





