Ахаева Наталья Васильевна

    ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры

    Ахаева Наталья Васильевна
    Директор

    Ахаева Наталья Васильевна

    ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры

    Өмірбаян

    1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінің «География» мамандығын үздікке бітірді. 1998 жылы «Педагогика» кафедрасының Магистрлігін үздікке бітірді. 1998 – 2000 жылдар аралығында ШҚМУ педагогика кафедрасының Аспирантурасын тәмамдады. 2000 жылдың мамырында «Ауыл мектептерінің жағдайында оқушылардың жеке даму факторы ретінде оқу үрдісіндегі дарашылдық» тақырыбы бойынша Кандидаттық диссертация қорғады.

    2009 жылы Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетінің (Өскемен қаласы), инновациялық технологияларды басқару факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    2016 жылдың 21 қазанында 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы (Қырғызстан, Бішкек қ.) мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау білім беру кеңістігі жағдайында дарынды тұлғаны қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

    2019ж. 27 сәуірде «Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының» академигі атағы берілді.

    2011 жылдың қаңтарынан бастап КҚМК «Валеологиялық кешенінің директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ жұмыс атқарып жатыр. Докторлық зерттеу диссертация жұмысын аяқтауда. Халықаралық, Республикалық конференцияларға белсенді қатысады: 2003 жылы Талдықорған қаласында «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, Өскемен қаласында «Қазақстандағы валеологиялық қызметтің тәжірибесі, мәселелері және даму келешегі» республикалық ғылыми конференциясы, 2004 жылы Астана қаласы «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесінде денсаулық сақтау технологиясын оқыту», 2005 жылы Шучинск қаласында «ҚР 12 жылдық білім беру жүйесінде жасөспірімдерді тәрбиелеу және валеологиялық оқыту тұжырымдамасына көзқарасы», 2007 жылы Өскемен қаласында «Дарынды балалармен жұмыс жасау үрдісінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану», «12 жылдық білім беру мектебінде жаңа дамыту үлгісіне көшу жағдайында денсаулықты сақтаудың педагогикалық технологиялары», 2008 жылы Шучинск қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында 1 орын.

    2008 жылдың 17 сәуірінде 9 сыныптарға валеологиядан республикалық интерактивтік сабақ жүргізіп, осының негізінде валеология мұғалімдеріне оқу үрдісінде қолдану үшін электрондық бейнедәріс құрастырылды. 2009 жылдың 4-10 қазанында Фиджип – Евроталант (Франция) орталығымен «Мектепке дейінгі, мектепте және жоғарғы білім жүйесіндегі денсаулықты сақтайтын білім беру кеңістігі» халықаралық семинарына қатысты.

    Ахаева Наталья Васильевна Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері. Марапаттары: - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, ЩҚ ӨҒП «Дарын» орталығының грамотасы, «Бөбек» республикалық орталығың Дипломы, ШҚО білім беру департаменті және ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 10 жылдығына орай төсбелгісі, Иоганн Вольфган Гёте медалі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері