Окасов Курмаш Бабагумарович

    ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ директоры

    Окасов Курмаш Бабагумарович
    Директор

    Окасов Курмаш Бабагумарович

    ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ директоры

    Өмірбаян

    Еңбек өтілі – 33 жыл

    Еңбек өтілі – 33 жыл, оның ішінде 19 жыл бойы лицейді басқарып келеді. «ҚР ең үздік ұстазы», «ҚР білім беру жүйесінің озаты», «ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері» атты атақтармен және медальдермен, Семей қаласы мен облыс әкімінің , ШҚО білім басқармасының грамоталарымен және Омск, Барнаул, Новосібір кадет корпустарының алғыс хаттарымен марапатталған. Лицей басшысының бастамасымен тәрбиеленушілерге сапалы білім мен әскери-патриоттық тәрбие беруге жағдай жасалған. «Ер балалар, «Отан», «Патриот», «Ар-намыс» деген сөздердің мағынасынан Отанын қорғауға дайын азаматтарды байқауға болатынын түсініп, өздері де патриот болулары керек», - дейді Қ.Б.Оқасов.

    Білім беру департаментінің 1995 жылғы 27 сәуірдегі №75 бұйрығымен 5-11 сыныпқа дейінгі ұл балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған Ш.Уәлиханов атындағы Семей облыстық «Жас Ұлан» ер балалар лицейі деген атаумен жаңа оқу орны құрылды. 1995 жылы «Жас Ұлан» лицейі РФ кадет корпустары үлгісінде ашылған Республика бойынша ұл балаларды 10 жастан қабылдауды жүзеге асыратын алғашқы және жалғыз оқу орны болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері