2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
Ұқсас материалдар

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындаутуралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетінқызметін қалай алуға болады?
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Таза ауыл - ортақ міндет
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Мешіт имамдарын қызметке тағайындау, қызметінен босату немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту қай органның құзыретіне жатады?
Маңғыстау облысының дін істері басқармасыАшу
Астанада KazHackStan 2026 киберқауіпсіздік конференциясы басталды
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАшу
Мүлік салығы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары
📚 Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуҚайрат Серікбайұлы Ақшолақ Шалқар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуШалқарда әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу🇰🇿🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуТазарту жұмыстары
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу