Шемонаиха ауданының ТЖБ пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде келесі негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

    • жылыту маусымы басталар алдында пештер мен мұржаларды тазалап, жөндеп, әктеп, жарықтарын бітеу қажет;
    • пеш пен түтін құбырының ағаш шатыр немесе қабатаралық жабындармен түйісетін жерлерінде кірпіш қалау қалыңдатылып, өртке қарсы бөлік жасалуы тиіс, сондай-ақ олардың арасында ауа саңылауын қалдыру қажет;
    • оттықтың алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50х70 см болатын металл (пеш алдындағы) парақ қағылуы тиіс;
    • пештің үстінде киім-кешек пен дымқыл отынды кептірмеңіз, сондай-ақ жиһаз бен перделердің жанып тұрған пештен кемінде жарты метр қашықтықта орналасуын қадағалаңыз;
    • ешбір жағдайда пешті ұзындығы жағынан оттыққа толық сыймайтын отынмен жағуға болмайды, өйткені отын бойымен жалын сыртқа шығып, жақын маңдағы заттарға, еденге және қабырғаларға таралуы мүмкін.

    Шемонаиха ауданының ТЖБ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шемонаиха ауданының әкімдігі" жаңалықтары