
Ұлытау облысында жаңа оқу жылының басталуымен полиция қызметкерлері мектептер мен колледждерде қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.
Балаларға жол қозғалысы ережелері, интернеттегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық және төтенше жағдай кезіндегі әрекет тәртібі түсіндіріледі.
Сонымен қатар, оқу орындарындағы бейнебақылау жүйелері, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексерілуде.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!








