Зейнетке шығар алдында құжаттарды тексерудің ең қолайлы уақыты қашан?

    Зейнетке шығар алдында құжаттарды тексерудің ең қолайлы уақыты қашан?

    Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі туралы ақпарат, оның ішінде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жұмыс кезеңдері өте маңызды. Егер еңбек кітапшасы жоғалған болса, онда қателер, түзетулер, нақты емес жазбалар болса немесе қандай да бір жұмыс кезеңі туралы нақты мәліметтер жоқ болса, еңбек өтілін растау үшін қосымша құжаттар - мұрағаттық анықтамалар егер ұйым немесе кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайда, жұмыс берушінің жазбалары сияқты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін; кейбір жағдайларда жұмыс істеудің заңды фактісін сот тәртібімен растау қажет болады.

    Сондықтан құжаттарыңызды тексеруді соңғы сәтке қалдырмауыңыз керек.

    Зейнетақы жарналарына назар аударған жөн. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңдер міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы туралы мәліметтер негізінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліңізге есептеледі.

    Сонымен қатар, білім туралы құжаттар, әскери қызмет өтілі, балалардың туу туралы куәліктері және зейнетақы төлемдерін белгілеу кезінде ескерілуі мүмкін, заңмен танылған кезеңдерді растайтын басқа да құжаттар маңызды рөл атқаруы мүмкін.

    Зейнетке шығуды жоспарлағанға дейін шамамен бір жыл бұрын еңбек өтілін растайтын құжаттарды тексеруді бастаған жөн. Дегенмен, егер еңбек жолыңыз барысында көптеген жұмыс берушілер ауысса, тұрғылықты жеріңіз өзгерсе, жұмыс істеген кәсіпорындар жабылып қалса немесе құжаттар жоғалып кетсе, бұл процесті одан да ертерек бастау ұсынылады.

    Зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (ХҚКО) немесе Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64-үй мекенжайында орналасқан бөлімшеде еңбек өтілін растайтын құжаттарды (еңбек кітапшасы, білім туралы құжаттар, әскери қызмет туралы мәліметтер, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.) қарауға қатысты алдын ала кеңес алуға жүгінуге болады.

    Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қабылдау күндері - әр дүйсенбі және бейсенбі сайын сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30 түскі үзіліс. Сонымен қатар 32-00-16, 32-00-61, 32-00-69 телефондарымен хабарласуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары