Астанада Өндіріс көшесі уақытша жабылады

    Астанада Өндіріс көшесі уақытша жабылады

    Астанада Өндіріс көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерге арналған асфальт жабындысын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Жұмыс учаскесінің ұзындығы 200 метрді құрайды.
    Осыған байланысты, 8-11 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толық жабылатын болады.

    Бұл ретте жұмыс түнгі уақытта сағат 20:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі.
    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары