Петропавлда Президенттің жаңа кітабы таныстырылды

    Петропавлда Президенттің жаңа кітабы таныстырылды

    Петропавлда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы таныстырылды.

    Туындыда 30 жылдан астам кезеңді қамтитын маңызды деректер жинақталған. Кітапта Президенттің Қазақстан ішіндегі және беделді халықаралық шараларда айтқан негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған. Еңбекті оқыған оқырман елдің дамуы мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы мол мағлұмат ала алады.

    «Бұл кітап Мемлекет басшысының сөздері мен баяндамалары негізінде жинақталған. Онда Президент Қазақстанның қандай мемлекет болуы керектігі туралы өз көзқарасын білдіреді. Туындыны оқыған адам елдің дамуына зор үлес қоса алады», – деді СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.

    Таныстырылым шарасын облыстың Құрметті азаматы, белгілі журналист Жарасбай Сүлейменов жүргізді. Көптеген еңбектің авторы Президенттің жаңа кітабымен танысып үлгерген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру және қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты көзқарасын жоғары бағалайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары