
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылында жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа ғимараттың ашылуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды жаңалық. Заманауи талаптарға сай жабдықталған әкімшілік ғимаратында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсетуге және ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қолайлы жағдай жасалды.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, елді мекеннің одан әрі дамуына өз үлесін қосады.







