Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

    7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, "Орталық Азия - Қытай" форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Министрлер өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сапар аясында Ержан Саденов Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады. Екіжақты кездесу нәтижесінің бірі - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылуы. Құжатқа қол қою арқылы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін қалыптастыру бойынша ұзақ уақыт жүргізілген бірлескен жұмыс аяқталды. Келісім екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары