Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 16-тармағына сәйкес «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік әлеуметтік жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және олардың нәтижелерін бағалау мақсатында Эксперттік кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.
Кандидаттар жөніндегі ұсыныстарды 2026 жылғы 18 қыркүйекке дейін [email protected] электрондық поштасына жіберуге болады. Хатта кандидаттың байланыс деректерін міндетті түрде көрсету қажет. Электрондық хаттың тақырыбында «Эксперттік кеңес мүшелігіне кандидат» деп көрсетуді сұраймыз. Сондай-ақ ұсыныстарды мына мекенжай бойынша беруге болады: Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 13. Анықтама телефоны: 8 (7212) 37-08-19.




