Бүгін 2026 жылдың 08 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Жазира Несіпбаева көпбалалы анаға "Алтын алқа" алқа тапсырды, осылайша көпбалалы аналардың қатары тағы бір анаға толықты . "Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды. Отбасының ұйытқысы, қамқоршысы әйел. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасы және отбасылық құндылықтар институтын сақтау үшін елеулі қолдау көрсетілуде . Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін ", - деді әкімнің орынбасары Ж. Несіпбаева. "Алтын алқа" белгісінің иегері 7 бала тәрбиелеп отырған округ тұрғыны Динара Шоранова болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








