Алтай ауданында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын

    Алтай ауданында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын

    Алтай ауданында 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына жылумен жабдықтау нысандарын дайындау бойынша қорытынды жұмыстар жалғасуда. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.
    🏭 Алтай қаласында жөндеу жұмыстары аяқталды.
    Аудандық қазандықты жылу беру маусымына дайындау аясында:
    ▪️ №2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қыздыру беттері ауыстырылды;
    ▪️ №3 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, конвективті шоғыр ауыстырылды;
    ▪️ №1 және №2 салқындатқыш конденсаттың құбыр бөлігі ауыстырылды.
    ♨️ 31 тамызда қажетті жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін Алтай қаласындағы тұтынушыларға ыстық су беру қайта қалпына келтірілді.

    Серебрянск қаласында келесі жұмыстар жүргізілуде:
    ▪️ КВТС-20 №4 қазандығының экрандық құбырлары мен конвективті шоғырын ағымдағы жөндеу;
    ▪️ №3 ДКВР 10/13 қазандығының экономайзері мен колосникті торын ауыстыру. Дайындық деңгейі – 95%.
    🛠️ Жаңа-Бұқтырма кентінде:
    ▪️ №3 ДКВР 10/13 қазандығының экрандық құбырлары мен конвективті шоғырын ағымдағы жөндеу;
    ▪️ №4 қазандыққа экономайзерін ауыстыра отырып, ағымдағы жөндеу жүргізу;
    ▪️ №2 қазандыққа экономайзерін ауыстыра отырып, ағымдағы жөндеу жүргізу;
    ▪️ ПСВ 125-7-15 су жылытқыштарына ағымдағы жөндеу жүргізу. Дайындық деңгейі – 97%.
    🪨 Қазандықтарды көмірмен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.
    Бүгінгі таңда ауданның қазандықтарында 32,4 мың тонна көмір бар, оның ішінде:

    🏭 Алтай қаласында — 23,9 мың тонна;
    🏭 Серебрянск қаласында — 2,75 мың тонна;
    🏭 Жаңа-Бұқтырма кентінде — 5,68 мың тонна;
    🏭 Средигорное ауылында — 0,1 мың тонна.
    Сонымен қатар, аудан мектептері мен ауруханалары жылу беру маусымына қажетті көмір қорымен 100% қамтамасыз етілген.
    🚂 Көмір тұйықтарында да отын қоры бар:
    📍 Зубовск кентінде — 1 800 тонна, құны — тоннасына 18 600 теңге (10 қыркүйектен бастап — 19 200 теңге);
    📍 Серебрянск қаласында — 350 тонна, құны — тоннасына 25 000 теңге;
    📍 Серебрянск қаласында — 120 тонна, құны — тоннасына 25 000 теңге.
    ❄️ Алтай ауданындағы жылумен жабдықтау нысандарын жылу беру маусымына дайындау жұмыстары жоспарлы режимде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын аяқтау және қажетті отын қорын қамтамасыз ету мәселелері аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары