
4 қыркүйекте аудандық мәслихаттың 33-сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы А. Нургалиев ашты.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Мұханбетжанова, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының м.а., аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысының бекітілген регламентіне сәйкес, бірінші мәселе бойынша «Аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп» баяндамасымен аудан әкімі А. Муханбетжанова сөз сөйледі. Ол депутаттар мен сессияға қатысушыларға ауданның барлық салаларындағы ахуал, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары және ауданның даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Әкімнің баяндамасынан кейін депутаттар тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Аудан басшысының атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін депутаттар оны бірауыздан мақұлдап, бекітті.
Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар басқа да бірқатар мәселелерді қарастырып, олардың барлығы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.









