
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұнай-газ саласы - еліміздің экономикалық дамуы мен энергетикалық тұрақтылығының берік негіздерінің бірі. Оның тұрақты жұмысы мен дамуы - күн сайын өз ісіне адалдықпен қарап, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Мұнай-газ саласындағы еңбек оңай емес. Ол жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті, төзімділік пен табандылықты талап етеді. Әсіресе шалғай өндірістік нысандарда, күрделі табиғи және өндірістік жағдайларда еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше құрметке лайық.
Бүгінде саланың жетістіктерінде аға буынның жинақтаған мол тәжірибесі мен кейінгі буынның білімі, жаңа идеялары мен заманауи көзқарасы өзара сабақтасып келеді. Осы еңбектің әрқайсысы - еліміздің дамуына қосылған маңызды үлес.
Мемлекет үшін еңбек адамының беделін арттыру, қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту әрдайым маңызды міндет болып қала береді.
Сіздерге ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапты қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым абырой мен құрметке бөлене берсін!
Ізгі тілекпен,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Асқарбек Ертаев









