Жалағаш кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы көшесіне көлік қозғалысының жылдамдығын төмендетуге арналған жасанды жол кедергілері орнатылды.
Жасанды жол кедергілерін орнатудың негізгі мақсаты – жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Кент көшелеріндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.