Хромтаудан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалына жолдама!

    Хромтаудан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалына жолдама!

    Ақтөбе облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік кезеңінің 10 финалисі анықталды.

    Биыл жобаға облыстан 50 өтінім түсіп, алғашқы іріктеу нәтижесінде 20 өндіруші жартылай финалға жолдама алған болатын. Көрме-жәрмеңкеде кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, қала тұрғындары жергілікті тауарларды тікелей сатып алуға мүмкіндік алды.

    Көрмеде қымыз, ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, шоколадтағы жент, ұн, былғары, киіз, қой жүнінен жасалған бұйымдар, тоқыма өнімдері, емдік шөптер, кәдесыйлар және басқа да отандық өнімдер ұсынылды.

    Хромтау ауданынан жобаға қатысқан жеке кәсіпкер Жадыра Нұрмағамбетова табиғи емдік қымыз өнімін ұсынып, финалистер қатарынан көрінді. Кәсіпкер көрмеде қымыздың 7 түрін көпшілік назарына ұсынды.

    Комиссия қатысушылардың өнім сапасын, жергілікті шикізатты пайдалануын, өндіріс технологиясын және бизнесті дамыту әлеуетін бағалады.

    Енді Жадыра Нұрмағамбетова Ақтөбе облысының атынан республикалық көрмеге қатысып, өз өнімін еліміздің кең аудиториясына таныстырады. Жеңімпаздар мемлекеттік гранттарға үміткер болу мүмкіндігіне ие болады.

    Хромтау ауданынан шыққан алғашқы финалистке республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

    Кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды өз ісін бастауға, жергілікті өнім өндіруге және осындай жобалардың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.

    Жергілікті өнім – өңірдің бренді.
    Кәсіпкерлік – аудан дамуының қозғаушы күші!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары