«ХРОМТАУ» СПОРТ КЛУБЫНА ЖАҢА YUTONG C9 АВТОБУСЫ СЫЙҒА БЕРІЛДІ

    «ХРОМТАУ» СПОРТ КЛУБЫНА ЖАҢА YUTONG C9 АВТОБУСЫ СЫЙҒА БЕРІЛДІ

    «Хромтау» спорт клубының қатары жаңа Yutong C9 автобусымен толықты. Заманауи көлік спортшылардың жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына және басқа да спорттық іс-шараларға қатынауы үшін пайдаланылатын болады.

    Жаңа автобус «Хромтау» футбол клубы, «Хромтау» футзал командасы және «Әлия» волейбол командасының ортақ игілігіне беріледі. Бұл үш команданың да жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатынауын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды.

    Автобустың кілтін аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов спортшыларға салтанатты түрде табыстады. Команда мүшелері үшін бұл – қуанышты жаңалық. Спортшылар жаңа көліктің кілтін зор ықыласпен қабылдап, көрсетілген қолдауға алғыстарын білдірді.

    Сыйымдылығы 40 орыннан кем емес заманауи автобус спорт клубы құрамындағы командалардың алыс сапарларын жайлы әрі қауіпсіз ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Аудан әкімі спортшыларға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталып, бұл жұмыстардың жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және спортшылардың жоғары нәтижелер көрсетуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Бүгінде «Хромтау» спорт клубының құрамындағы футбол, футзал және «Әлия» волейбол командалары аудан намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғап келеді. Жаңа автобус спортшылардың жарыстарға қатысуын жеңілдетіп, командалардың оқу-жаттығу барысын тиімді ұйымдастыруға өз септігін тигізбек.

    Жаңа автобус – спортшыларға жаңа мүмкіндік, Хромтау спортына жаңа серпін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары