
1 қыркүйек күні футболдан Қазақстанның Екінші лигасы аясындағы 21-тур матчы өтті. Хромтау қаласындағы «Горняк» стадионында жергілікті «Хромтау» командасы «Хан-Тәңірі М» командасын қабылдады.
Кездесу барысында алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, қарсылас қақпасына 5 гол соқты. Матчтың алғашқы голын 38-минутта Толепберген соқса, ойынның екінші бөлігінде Урда (79’), Стрижков (82’), Мықтыбаев (92’) және Саидалиев (95’) мергендік танытты.
Нәтижесінде «Хромтау» 5:1 есебімен «Хан-Тәңірі М» командасын жеңіп, маңызды үш ұпайды еншіледі.
Бұл жеңіс хромтаулықтардың турнирлік кестедегі жағдайын жақсарта түсті. Команда маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп, Екінші лиганың жүлделі орындары үшін күресін жалғастыруда.
«Хромтау» командасын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен сәтті ойындар тілейміз!









