«Saraishyq Upgrade 2026» форумы аясында үздік жобаларға грант беріледі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Saraishyq Upgrade 2026» форумы аясында үздік жобаларға грант беріледі

    Атырауда 9-10 қыркүйек аралығында өтетін «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы аясында қатысушылардың шығармашылық және инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған «Үздік жоба үшін Grant» байқауы өтеді.

    Байқаудың мақсаты – жастардың тың идеяларын қолдау, жобалық ойлау қабілетін дамыту және үздік бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

    Жобалар төмендегі 6 бағыт бойынша қабылданады:

    • Кинематография – 500 000 теңге;
    • Музыка – 500 000 теңге;
    • Жасанды интеллект – 500 000 теңге;
    • Event – 500 000 теңге;
    • Хореография – 500 000 теңге;
    • Маркетинг – 500 000 теңге.

    Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, оларды іске асыруға қажетті қолдауға ие бола алады. Байқауға қатысты ресми ақпараттар мен тапсырмалар @saraishyq.upgrade Instagram парақшасында жарияланады.

    Өз идеяңды нақты жобаға айналдырып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік ал!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары