Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Сервис арқылы алдын ала 3 сенімді байланыс тұлғасына дейін көрсетуге болады. Егер шұғыл жағдайда пайдаланушы ауруханаға жатқызылып, жақындарымен өздігінен байланыса алмаса, оларға SMS-хабарлама жіберіледі.
Сенімді байланыс тұлғасы кәмелетке толған және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Оны тіркеу үшін ЖСН-ын көрсету жеткілікті. Осыдан кейін көрсетілген адамға 1414 нөмірінен SMS келеді және ол сұрауды растай немесе одан бас тарта алады.
Қызмет «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімдерінде тегін қолжетімді.







