
«Мемлекеттік грант» – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшінқайтарымсызнегізде берілетін бастапқы капитал.
Грант мөлшері – 400 АЕК-ке дейін (2026 жылы –1 730 000 теңге).
Грант алу үшін негізгі талаптар
1. Төмендегі жұмыспен қамту санаттарының біріне жатуы қажет:
-жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне1жылға дейін);
-ресми тіркелген жұмыссыздар.
2.Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:
-атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
-көпбалалы отбасылар;
-асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
-қоныс аударушылар;
-қандастар;
-еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;
-мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (не) олардың жұбайлары.
3.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткені туралы сертификаты болуы.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификаттыbusiness.enbek.kzсайтындатегін 14 күнтізбелік күн ішіндеалуға болады. Ол үшін онлайн оқудан (бейнесабақтар) өтіп, тестілеуді сәтті тапсыру қажет.
Мемлекеттік грант алу кезеңдері (business.enbek.kzпорталыарқылы):
Гранттаркелесі бағыттарда беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіругеберілмейді.
Бұған дейін грант алған қатысушылар екінші рет грант ала алмайды.
Толық ақпараттытұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығынан біле аласыз.
Инстаграм:emo_karagandy_obl
Контакты: сall-центр 8-7212-60-50-50;whatsapp 8-775-644-35 -80







