«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы

    Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ)«Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі» сериясынан«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

    Коллекциялық монеталар2026 жылғы 2 қыркүйектенбастапҚҰБ-тыңhttps://kazcoins.nationalbank.kzинтернет-дүкені арқылы сатуға шығарылады.

    Коллекциялық монета туралы

    Монета дизайны «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының желісімен дүниеге келді. Бұл поэма – мәңгілік махаббат пен жанкешті адалдықтың, өлмес сезімнің қазақ фольклорындағы ең асқақ үлгісін паш ететін құнды мұралардың бірі.

    Монетамельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады, оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 7 000 (жеті мың) дана.

    Монетаның бейнесі

    Коллекциялық монеталарҚазақстан Республикасының бүкіл аумағындаөзінің белгіленген құнына сайбарлық төлем түріндеқабылдауға, сондай-ақ елдіңбарлық банкіндебанк шоттарына есепке алуға,аударуға,ұсақтауға және айырбастауға жатады.

    Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

    Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
    +7 (7172) 77-52-10

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары