КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ СЕССИЯ

    2026 жылғы 2 қыркүйекте сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы онлайн режимде өтті.

    Сессияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Курчатов қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілді.

    Сондай-ақ мәслихат шешімдерімен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан кейбір мүшелер шығарылды және антитеррористік комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді.

    Курчатов қалалық мәслихаты


    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Курчатов қаласының мәслихаты" жаңалықтары