Тараз қаласының тұрғындары жеке менеджерді үйге шақыру сервисін пайдалана алады – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының маманы көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге ыңғайлы уақытта келіп, қажетті мемлекеттік қызметтерді ресімдеуге көмектеседі.
Жеке менеджерді үйге шақыру сервисі Тараз қаласының барлық ХҚКО-ларында қолжетімді. Оны барлық ниет білдірушілер, соның ішінде кәсіпкерлер, жұмыс істейтін азаматтар, кішкентай балалары бар ата-аналар, сондай-ақ ХҚКО-ға уақытша бару қиынға соғатын адамдар пайдалана алады.
Маман үйге немесе кеңсеге барып, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін ұсынады. Тек төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін ресімдеу және көлік құралдарын тіркеу қызметтері көрсетілмейді. Жеке менеджерді үйге шақыру сервисінің құны 7 447 теңгені құрайды.
«Азаматтардың ХҚКО-ға жеке келуге мүмкіндігі әрдайым бола бермейді – оған жұмысының тығыздығы, отбасылық жағдайы немесе басқа да себептер әсер етуі мүмкін. Сондықтан бүгінде біз ыңғайлы балама ұсынамыз: маманның өзі азаматтың мекенжайына барады. Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды барынша қолжетімді, жылдам әрі жайлы етуге мүмкіндік береді. Біз үшін мемлекеттік корпорацияның заманауи сервистерінің азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сай болуы маңызды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.
Аталған сервисті пайдалану үшін мемлекеттік корпорацияның ресми сайты арқылы «Жеке менеджер» бөлімін таңдап, өтінім беру қажет. Сондай-ақ өтінімді 1414 қысқа нөмірі арқылы беруге болады. Өтініш түскеннен кейін маман өтініш берушімен байланысып, қажетті мәліметтерді нақтылайды және баруға ыңғайлы күн мен уақытты келісетін болады.
Тараз қаласының ХҚКО-ларында жеке менеджерді үйге шақыру қызметі қолжетімді
Ұқсас материалдар

Вакцинация мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
«Қызмет алушылар күні»
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Семинар өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Кіру пункттеріне ішкі бағалау жүргізуде
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Зайсан ауданында иммунопрофилактика мәселелері бойынша жиын өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
"Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшуЕлімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Еңбек – мұратқа жеткізер!
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қарақыстақтан басталған «жасыл» энергетика: Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
Байзақ ауданының әкімдігіАшу