ҚОЗҒАЛЫС – ӨМІР: Байзақта бұқаралық жаяу жүру марафоны бастау алды

    Бүгін Сарыкемер ауылындағы демалыс саябағында «Қозғалыс – өмір» атты бұқаралық жаяу жүру марафонының ашылу рәсімі өтті.

    Марафонның мақсаты – аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және жаяу жүру мәдениетін қалыптастыру.

    Марафонның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз алып, қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, қозғалыстың адам денсаулығы үшін маңыздылығына тоқталды.

    Сондай-ақ қатысушыларға арнайы дене қыздыру жаттығулары ұйымдастырылды. Фитнес жаттықтырушысы Меруерт Тоқболатова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлібек Жолдасов көпшілікке жаттығу үлгілерін көрсетіп, белсенділікке шақырды.

    Бұдан бөлек, артық салмақтан арылуға бағытталған марафон аясында қатысушылардың бастапқы салмағы өлшенді.

    Марафон 26 қараша мен 12 наурыз аралығында өтеді. Марафонға қатысушыларға сәттілік тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары