
2026 жылғы 25 тамызда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Rоммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Департамент базасында заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында түсіндірме сипаттағы ақпараттық буклеттер таратылды.
Іс-шара барысында қызмет алушыларға тіркеу қызметі мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігі ұсынылып, қызықтырған мәселелері бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында электрондық қызметтерді алу тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді беру тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері және құжаттарды электрондық форматта алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпарат қамтылған буклеттер таратылды.
Буклеттерде электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді беру шарттары мен тәртібі, электрондық мемлекеттік қызметті алудың артықшылықтары көрсетіліп, электрондық апостильді пайдалану ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.









