Қазанка ауылында мал шаруашылығына арналған семинар өтті

    2026 жылғы 14 тамызда Қазанка ауылында мал шаруашылығын дамыту және оны тиімді жүргізу мәселелеріне арналған семинар өтті.

    Іс-шара барысында қатысушыларға ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс күтіп-баптау, азықтандыру, қажетті жағдай жасау, аурулардың алдын алу және мал өнімділігін арттырудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді.

    Сондай-ақ мал шаруашылығында заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Аталған технологиялар шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және малды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

    Семинарға қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып, тәжірибе алмасты.

    Мұндай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің білім деңгейін арттыруға және мал шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылык, кәсіпкерлік және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары