«Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі түбегейлі жаңартылады

    «Медеу» мұз айдынының салқындату жүйесі түбегейлі жаңартылады

    Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – кешеннің соңғы онжылдықтардағы ең ірі техникалық жаңаруы.

    Жоба аясында 10,5 мың шаршы метр мұз айдынының технологиялық плитасы мен салқындату жүйесі толық жаңартылады. Жаңа жабдық ауа температурасы +15 °C-қа дейін көтерілгенде де мұз сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар технологиялық процестер автоматтандырылып, жылыту жүйесі табиғи газға көшіріледі. Нәтижесінде энергия тұтыну 25–30%-ға азаяды.

    Жаңғырту барысында «Медеудің» тарихи сәулеттік келбеті толық сақталады. Спорттық инфрақұрылым да жаңартылып, төрешілер бөлмесі, допинг-бақылау аймағы және сегіз жаңа киім ауыстыру орны жасалады.

    Жаңартылған қонақүй бір мезетте 140 спортшыны қабылдай алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" жаңалықтары