Сайлау учаскелерінің мониторингі

    Сайлау учаскелерінің мониторингі

    ✅2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде сайлаушылардың барлық санаттары үшін тең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссиясы, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізді.
    Мониторинг барысында сайлау учаскелерінің дауыс беруді ұйымдастыруға дайындығы: кіру топтарының қолжетімділігі, үй-жайлар ішінде өз бетінше қозғалу мүмкіндігі, пандустардың, тұтқалардың, шақыру түймелерінің, тактильді көрсеткіштердің, дауыс беруге арналған қолжетімді кабиналардың, навигациялық элементтердің және кедергісіз ортаның басқа да құралдарының болуы бағаланды.
    Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуге сайлау учаскелерінің дайындығы туралы қорытынды дайындады.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от САРАНЬ | НОВОСТИ (@saran_today)

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары