Ертіс ауданының Қызылқақ ауылында жаңа мектеп ашылды

    Ертіс ауданының Қызылқақ ауылында жаңа мектеп ашылды

    Шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін бұл - маңызды оқиға. Мектеп салу туралы шешім 2024 жылы облыс әкімі Асайын Байхановтың аудан тұрғындарына есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындарының өтінішінен кейін қабылданған болатын.

    Жаңа мектептің құрылысы өткен жылы басталып, 9 айдың ішінде бой көтерді. Облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Екі қабатты мектеп ғимараты 100 оқушыға арналған. Мұнда білім алуға қажетті заманауи жағдайлар жасалған: оқу кабинеттері, компьютер сыныбы, кітапхана, асхана және медициналық кабинет жабдықталған, интерактивті тақталар орнатылған. Сондай-ақ мектепте шағын орталық пен мектепалды даярлық сыныбы жұмыс істейді.

    - Қызылқақ - облыстағы ең шалғай ауылдардың бірі. Облыс орталығынан 300 км астам қашықтықта орналасқан. Бүгінде ауылда 260 адам тұрса, оның 94-і балалар. Бұл ауылдың болашағы бар екенін білдіреді, - деді өңір басшысы.

    Соңғы үш жылда Павлодар облысының ауылдық жерлерінде 8 жаңа мектеп салынды. Осы жұмыстардың нәтижесінде өңірде апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешілді.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының әкімдігі" жаңалықтары