Үштөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп қауіпсіздігі тексерілді

    Үштөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп қауіпсіздігі тексерілді

    1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Үштөбе қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

    Қаладағы орта мектептердің бірінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп, білім беру мекемесіне іргелес аумақтың жағдайына және оқушылардың «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша қауіпсіз жүріп-тұруына ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, білім беру ұйымдары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда жылдамдықты төмендету және балаларға қатысты барынша мұқият болу қажеттігі ескертілді.

    Полиция жаңа оқу жылының басталуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырады. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары