Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

ТЖМ-да Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайларды жою кезінде бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру, авиамедициналық эвакуация, құлақтандыру жүйелері, Каспий теңізіндегі іздестіру-құтқару жұмыстары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, ведомстволар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Іс-шараға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды, кәсіби байланыстарды дамытуды және азаматтық қорғау саласындағы бірлескен іс-шараларды іске асыруды қоса алғанда, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.








